Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына бір жыл ішінде 36 000 науқас жүгінді

Жаңалық

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы — Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып есептеледі. Клиникада мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде ең күрделі ауруларды уақтылы диагностикалау және емдеу мүмкіндігі бар.
Аурухана заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған.

Дәрігерлердің арсеналында компьютерлік томограф, стационарлық рентген-диагностикалық «Ардилгност», «Дорниер» медициналық лазерлік жүйесі, «ангиограф-Аллюра», рентгенологиялық және ангиографиялық жүйесі бар ЭОП электронды-оптикалық түрлендіргіші, заманауи анестезиялық аппараттар, жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған көліктік инкубатор және эндоскопиялық тіректер бар.

Қолданыстағы жабдықтар медициналық қызметкерлерге науқастардың патологиялық жағдайын тез және тиімді диагностикалауға мүмкіндік береді.

«2023 жылы ауруханаға отыз алты мыңнан астам науқас келіп ем алды. Олардың арасында Кеген ауданында жаппай апаттан зардап шеккендер, жүктілік патологиясы бар әйелдер және ауыр жарақаттары бар науқастар болды. Дәрігерлер Алматы облысының тұрғындарына ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен, тіпті шет елден келген азаматтарға барлық қажетті медициналық көмекті үздіксіз көрсетіп отырды. Жалпы, дәрігерлер 13 мыңнан астам науқасты стационар шеңберінде және 13 мың науқасты амбулаториялық жағдайда емдеп, бір жылда 7000 мың ота жасады», — деп бөлісті АККА директоры Эльмира Берикова.

Айта кетейік, АККА дәрігерлері өздерін жоғары технологиялық медициналық көмек бағыты бойынша жақсы жағынан көрсетіп, медициналық ұйымдар арасында көшбасшылар қатарына енді.

«2022 жылы біз 12 бағыт бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетсек, бүгінгі таңда бұл бағыт 27 түрге ұлғайды, бір жыл ішінде барлығы 205 ота жүргізілді. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Биыл біз жоғары технологиялық медиицналық көмектің көлемін 30% — ға арттырдық», — дейді директор.Автор:ЖД ақпарат

Review Overview

Travel Destination
Enjoyment
Expensive
Hospitality and security
Summary
Caramels jelly beans oat cake ice cream ice cream ice cream sweet roll fruitcake lemon drops. Macaroon pastry lollipop donut fruitcake. Icing dragée tootsie roll apple pie gummies. Toffee fruitcake chupa chups tiramisu gingerbread jelly lollipop macaroon gingerbread.
4.5